Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда локдаун енгізу мәселесі қарастырылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгінде Қазақстан бойынша локдаун енгізу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұған дейін ведомствоаралық комиссия отырысында шектеулер бойынша ұсыныстар бердік. Әрі қарай не болатынын эпидемиологиялық жағдай көрсетеді», деді Тоғжанов ОКҚ онлайн-брифингінде.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирустың үнді штамына байланысты карантин күшейтілетіні хабарланған болатын. Сонымен қатар Нұр-Сұлтанда жекелеген шектеулер енгізіледі.