ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа қарсы қандай вакцина салғызғанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Иә, мен «QazVac» вакцинасын салдырдым. Әрине, бұл – қауіпсіздік пен денсаулықты қамтамасыз етудегі өте маңызды қадам. Сондықтан барлық қазақстандықтарға қажетті вакциналарды жедел қабылдауға кеңес беремін. Қазақстанда вакциналардың бірнеше түрі бар. Әзірге вакцинадан басқа жол жоқ», деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сұрағына берген жауабында.