• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Президент 23 Маусым, 2021

Президент жаңа оқу жылының дәстүрлі форматта өтуіне дайындық жасауды тапсырды

314 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен жиында биыл дәстүрлі форматта өтетін жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын қазірден бастап қолға алу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы биыл дәстүрлі форматта өтетін жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын қазірден бастап қолға алу қажет екенін айтты. Оның айтуынша, көптеген білім ордалары бір жылдан астам уақыт толыққанды жұмыс істемеді.

Бұл ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев университеттердің, мектептер мен балабақшалардың инфрақұрылымдарының дайындығын, сонымен қатар оқытушылар мен тәрбиешілер штатының жасақталу деңгейін тексеруді тапсырды. Президент жиын соңында өңірлердегі ахуал үшін әкімдердің өздері жауап беретінін еске салып, қоғамдық-саяси тұрақтылықты және орнықты дамуды қамтамасыз ету олардың тікелей міндеті екенін атап өтті.