• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Маусым, 2021

Алты дзюдошы Олимпиадаға барады

205 рет
көрсетілді

Халықаралық дзюдо федерациясы олимпиадалық рейтингке сәйкес Токиодағы Жазғы Олимпия ойындарына жолдама алған дзюдошылардың тізімін жариялады.

Қазақстанның Олимпиада комитетінің хабарлауынша, рейтингке сәйкес сегіз қазақстандық дзюдошы лицензия алғандар қатарына енген. Атап айтар болсақ, 60 килода Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев, 66 килода Ерлан Серікжанов пен Елдос Жұмақанов, 73 килода Жансай Смағұлов, 90 килода Ислам Бозбаев, әйелдер арасында 48 килода сынға түсетін Отгонцэцэг Галбадрах рейтингте тиісті ұпай жинаған. Ал 81 килодағы Дидар Хамзаға құрлықтық квота берілді.

Айта кетерлігі, бір салмақ дәрежесінде бірнеше спортшы үміткер болғанымен, шарт бойынша кімде ұпай көп, сол спортшыға төрт жылдықтың басты бәсекесіне қатысуға мүмкіндік беріледі. Сондықтан бас бапкердің шешімі бойынша 60 және 66 килода Токиоға Елдос Сметов пен Ерлан Серікжанов баруы мүмкін.