• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Маусым, 2021

Алматыда үш көше уақытша жабылады

263 рет
көрсетілді

Алматыда үш көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлады Egemen.kz.

25 маусым 22:00-ден 26 маусым 9:00-ге дейін (жұмадан сенбіге дейін) Бостандық ауданында Сәтпаев көшесі бойында Байтұрсынов көшесінен Масанчи көшесіне дейінгі шығыс бағыттағы аралықта, сонымен қатар Жетісу ауданында Райымбек даңғылының бойында батыс бағытта Казаков көшесінің алдында көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

27 маусым 22:00-ден 28 маусым 10:00-ге дейін (жексенбіден дүйсенбіге дейін) Бостандық ауданында Сәтбаев пен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында ішінара көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі.

Ал 28 маусым (дүйсенбі) 9:00-ден бастап 1 шілде 9:00-ге дейін Әуезов ауданында Момышұлы көшесі бойында Елемесов пен Марғұлан көшелері аралығында оңтүстік бағытта көліктер үшін жол жабық болады.

«Уақытша шектеулер аталған көше жолының астынан өтетін жылу желілеріндегі шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізілді», деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС.