• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Маусым, 2021

Батыс Қазақстанда 15 жасар жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті

412 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында 15 жасар жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 25 маусым күні Теректі ауданы Ақжайық ауылында болды.

Сағат 15.45-те 15 жасар жасөспірім ұл шомылуға жабдықталмаған жерден Жайыққа түсіп, батып кетті.

БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының іздеу тобы баланың денесін сағат 22.24-те судан тауып, шығарды. Өңірде жыл басынан бері осымен 13 адам суға кетсе, соның төртеуі балалар болып отыр.

Соңғы күндері Батыс Қазақстанда күн қатты ысып кетуіне байланысты  БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады.