• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Маусым, 2021

Жаңаарқада көпқабатты үй өртеніп, 1 адам қайтыс болды

303 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында көпқабатты үйдің бірінші қабатында үш бөлмелі пәтер өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттағы пәтерлердің бірінде ес-түссіз жатқан екі әйелді тауып алды. Олардың бірі қайтыс болды, екіншісі ауыр халде.

«25 маусым күні сағат 19:22-де Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында болған өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте үш қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы ауданы 60 шаршы метр үш бөлмелі пәтерді от шарпығаны анықталды. Жанып жатқан пәтерден баспалдақ маршы бойынша 4 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Сонымен қатар, жоғарғы қабаттардың пәтерлерін тексеру кезінде 3-қабаттағы пәтерлердің бірінен көмірқышқыл газымен улану белгілері бар ес-түссіз жатқан екі әйел табылды. Зардап шеккендердің бірі, 1969 жылы туған әйел ауруханада қайтыс болды, 1961 жылы туған азаматшаның жағдайы ауыр. Зардап шеккен үй тұрғыны көру қабілеті нашар мүгедек, ал қайтыс болған келіншек оның көмекшісі болған», деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Қызыл жалын сағат 20:11-де ауыздықталды. Оның шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖД сынақ зертханасының мамандары жұмыс істеуде.