• RUB:
    5.35
  • USD:
    467.29
  • EUR:
    501.03
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Маусым, 2021

Түркиядағы турнир: Қазақстандықтар 5 медаль алды

148 рет
көрсетілді

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының спортшылары Түркияда халықаралық турнирде жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, 26 маусым күні Түркияның Ыстанбұл қаласында әйелдер күресінен «Яшар Догу» атындағы халықаралық турнир басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар 5 медаль жеңіп алды.

55 келіде Айша Уәлишан, 65 келіде Айна Теміртасова, 72 келіде Валерия Гончарова жарыстың күміс жүлдегерлерін иеленді. Ал 65 келіде белдескен Гаухар Мұқатай мен 55 келідегі Сандуғаш Дүйсенова қоржынды қос қоламен толықтырды.