Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шара барысында ведомство басшысы Аида Балаева бірнеше БАҚ өкілі мен басшыларына наградалар табыстады.
Атап айтсақ, «Хабар» телеарнасының директоры Бисембина Динара Асқарқызы, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің деканы Сақ Қайрат Өмірбайұлы, «Айқын» газетінің шығарушы редакторы Бектасова Гүлзина Түрғанбайқызы, ардагер-фототілші, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде қызмет атқарған Балмұрат Орынбай, журналист Исенова Махаббат Құрмантайқызы, «Қазмедиа» аппараттық-студиялық кешенінің жетекші инженері Гайзер Евгений Александрович, «Qazaqstan» телеарнасы «Qareket» бағдарламасының продюсері Айдаболова Самал Мейрамқызы, «Казахстанская правда» республикалық газетінің арнайы тілшісі Молдабаев Дулат Нагаұйлы, - «Талдау және ақпарат» орталығының жаңа медианы мониторингтеу басқармасының басшысы Тұрлыбеков Абылай Асқарұлы, Qazaqstan ұлттық телеарнасының ақпараттық-талдамалық бағдарламалар дирекциясының тілшісі Бухарбаева Асима Нұрбайқызы, Орталық коммуникациялар қызметінің аналитикалық қызмет басшысының орынбасары Рябченко Олег Евгеньевич, М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.