Қостанай облысында жол-көлік апаты салдарынан кәмелет жасқа толмаған үш бала қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«26 маусым күні «Қостанай-Қарабұтақ» күре жолында Renault Sandero көлігін жүргізіп келе жатқан 36 жастағы әйел жүк көлігін басып озу кезінде жолдың қарсы бетінде келе жатқан Lexus көлігімен соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Renault Sandero-да отырған 14 жастағы екі бала мен 17 жастағы жасөспірім қаза тапты», деп хабарлады полициядан.
Аталған көліктің жүргзушісі мен 40 жастағы жолаушы дене жарақаттарын алған. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.