• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Маусым, 2021

Қазақстандықтарға алаяқтарға қатысты ескерту жасалды

1256 рет
көрсетілді

Алаяқтық әрекеттердің жиілеп кетуіне байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» ХҚКО қызметкерлерінің клиенттерге қоңырау шалмайтынын және қарыздарын өтеуді немесе төлқұжат деректерін тексеруді сұрамайтынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сонымен қатар, мемлекеттік корпорация қызметкерлері борышкерлердің деректер базасын көрмейтінін, азаматтардың банк шоттарын бұғаттай алмайтынын және шетелге шығуға тыйым сала алмайтынын хабарлайды. Клиенттермен барлық қарым-қатынас тек 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылады», делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.

SMS-хабарлама арқылы клиенттерге брондау уақыты, құжаттардың қолданыс мерзімінің аяқталуы, мемлекеттік қызметтер бойынша берген өтініштерінің нәтижесі туралы хабарланады.

«Біз қазақстандықтарды қырағылық танытуды және бөгде адамдарға өздерінің төлқұжат деректерін немесе цифрлы қолтаңбаларын бермеуді сұраймыз. Сіздің жеке кабинетіңізге кіре отырып, алаяқтар сіз туралы ақпаратты өзінің жеке мүддесіне пайдалануы мүмкін», деп аталып өткен хабарламада.