• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Маусым, 2021

Азаматтық қорғау органдарының хабарландыру жүйесі тексеріледі

308 рет
көрсетілді

2021 жылғы 29 маусымда сағат 9.00-ден 12.00-ге дейінгі аралықта азаматтық қорғау органдарының хабарландыру жүйесін тексеру жоспарлануда.

Халықты төтенше жағдай­лар туралы хабарландыру және ақпараттандыру – негізгі қа­уіпсіздік шарасы. Бұл тұрғын­дарды қандай да бір авария немесе табиғи құбылыстардың әр­түрлі факторларынан болатын қи­рау салдарынан қорғайды.Хабарландыру жүйесін тек­серу барысында электр да­был­дар мен дабылды сөй­леу құрылғыларын (дауыс зорайт­қыштар) қысқа уақытқа қосу, теле­дидар эфирлерін және радио арналарын ұстап қалу, ақпаратты интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларға орналас­тыру жос­парланып отыр.«Баршаның назарына» дыбыс­ты сигнал – бұл ескерту дабылы. Бұл төтенше жағдайлар қаупі болғанда немесе туындағанда барлық шұғыл хабарлама жасау алдында халықтың назарын аудару үшін беріледі.Дыбыстық сигналды естіген соң қалыптасқан жағдайда ал­дағы іс-әрекеттері бойынша нұс­­­қау алу үшін теледидар мен радио­қабылдағышты қосып, интер­нет-ресурстар мен мобильді қо­сым­шадағы ақпаратты оқу қажет.Сонымен қатар қауіпті өн­дірістік объектілер мен гидро­тех­никалық құрылыстардағы жер­­гілікті құлақтандыру жүйеле­рінің жұмысы тексеріледі.Республикалық хабарландыру жүйесін тексеру қорытындысы бойынша еліміздің халқын уақ­тылы ақпараттандыру мен құ­лақ­тандыруды қамтамасыз ету бо­йынша тиісті шаралар пы­сық­талатын болады, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.