Павлодар облысы Береке ауылында ВАЗ-2106 автокөлігі 4 жасар қызды қағып кетті. Ауыр соққы салдарынан сәби оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға 28 маусым күні кешкі сағат 17:30 шамасында Атамекен көшесінде болған. Полицияның мәліметінше, кішкентай қыз жолға жүгіріп шығып, көлік астына түскен.
Қазіргі таңда 21 жастағы жүргізушінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 354-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол қамауға алынған.