• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Маусым, 2021

Карантин режимін бұзған алматылықтар 90 мың теңгеден айыппұл төледі

210 рет
көрсетілді

Алматы тұрғындары карантин шараларын бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны белгілі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ж. Бекшиннің айтуынша, Ashyq жобасы қосылғалы бері кәсіпкерлік нысандарға кірген кезде сканерлеу нәтижесінде «қызыл» мәртебесі бар 670 қала тұрғыны анықталды. Ал «сары» мәртебелі 178 пайдаланушы расталды.

Жалпы 156 «қызыл» мәртебе мен 40 «сары» мәртебе фитнес орталықтары мен бассейндердің кіреберістерінде анықталған.

Қоғамдық тамақтану нысандарында 275 «қызыл» мәртебесі бар, 54 «сары» мәртебесі бар, 88 «қызыл» мәртебесі бар қала тұрғыны әуежайға кіре берісте анықталды. Сондай-ақ 21 «сары» мәртебесі бар, 70 «қызыл» мәртебесі бар адам кинотеатрға кіре берісте расталды.

Бекшиннің айтуынша, Ashyq жүйесі өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.

​«Сіздер жобаның арқасында карантиндік шараларды сақтамайтын адамдардың анықталғанын білесіздер. Бұл жүйе азаматтар мен қаланың қауіпсіздігіне бағытталған», деді Бекшин. 

Мысалы, ​«қызыл» мәртебесі бар Алматының 8 тұрғынына карантин режимін бұзғаны үшін 30 АЕК,  90 мың теңге көлемдегі айыппұл салынды.  Тәртіп бұзушылар Алматы қаласының Алатау, Алмалы, Бостандық, Медеу мен Түрксіб аудандарының тұрғындары.

АЛМАТЫ