• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Маусым, 2021

Римдегі турнир: Дмитрий Баландин алғашқы төрттіктен көрінді

271 рет
көрсетілді

Италияның Рим қаласында жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

200 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин төртінші орын иеленді. Оның нәтижесі – 02:10.6. 

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден 13-ші орын алды. Мусиннің көрсеткіші – 24.02. 

Аталған турнирде Әділбек Мусин Қазақстан рекордын орнатты. Ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден өз рекордына түзету енгізді.