• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Маусым, 2021

Атырауда зейнеткерді тонаған күдікті қамауға алынды

628 рет
көрсетілді

Атырауда 89 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 25 маусымда сағат 10:30 шамасында 89 жастағы әжейге үйінің алдында белгісіз біреу шабуыл жасаған.  

«Зейнеткердің оң жақ құлағынан алтын сырғасын жұлып алып, оқиға орнынан бой тасалап, қашып кеткен. Бейтаныс адамнан жәбір көрген зейнеткер Атырау қалалық Полиция басқармасына арызданды. Жәбірленушіге шабуыл жасаған күдікті шамамен 25-30 жас аралығындағы ер адам болған. Зейнеткерге келтірілген шығын көлемі 75 мың теңгені құрады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, күдікке ілінген 31 жастағы ер адамды ұстады. Тергеу кезінде күдіктінің «олжасын» қаладағы «Ломбард» мекемесіне тапсырғаны анықталған.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 1-бөлігімен  (Тонау) тергеу басталды. Ал, ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.