• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Саясат 01 Шілде, 2021

Әріптестік жалғасады

173 рет
көрсетілді

Неміс компанияларымен өткен кездесу барысында цифр­лы трансформацияны да­мытудағы екіжақты ын­тымақтастық мәсе­лелері және экономиканы цифрландыру, өнер­кәсіпті автоматтан­дыру саласындағы бір­лескен жобалар жайы талқыланды.

Онлайн кездесуге Қа­зақ­станның Германиядағы елшісі Дәурен Карипов, еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жам­бакин, Индустрия және ин­фра­құрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова, «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ бас­қарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали, Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев, сондай-ақ Siemens Ad­vanta Lanxess AG, Gigaset AG, SAP SE, Baumüller Group, DMT GmbH & Co. KG, WILO SE сияқты 40-қа жуық жетекші неміс компанияларының басшылары мен өкілдері қатысты. Кездесу барысында Гер­мания экономикасы Шығыс коми­тетінің басқарушы дирек­торы Михаэль Хармс екі ел биз­несмендерінің іскерлік бай­ланыстарын орнатудың ма­ңызын атап өтті. Ол сондай-ақ Қазақстан мен Гер­ма­ниядағы цифрлы трансформацияны кеңейтуге одан әрі серпін беруге мүмкіндік беретін жаңа жолдарды іздеу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар пікірталас барысында Қазақстанда жүр­гі­зіліп жатқан цифрлы трансформация жөніндегі қызмет атап өтілді. Қатысушылар Astana Hub IT-стартаптар ха­лықаралық технопаркі шең­берінде инвесторларға ұсы­ны­латын мемлекеттік қолдау құ­рал­дары туралы ақпарат берді.

«Егемен-ақпарат»