• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Шілде, 2021

Қостанай облысында «1000 отбасылық ферма» бағдарламасы бастау алды

361 рет
көрсетілді

Бүгінде бағдарлама пилоттық режимде Меңдіқара ауданында жүзеге асырылуда. Алғашқы қатысушылары - Молодежное ауылының 7 отбасы, олар 100 буаз сиырды меншігіне алып, бағдарламаны жүзеге асыруға әзір. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов брифингте айтты,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Бағдарламаның бастамашылары – Қазақстанның ең ірі «Олжа Агро» агрохолдингі дәл осы отбасылық фермалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ет және мал шаруашылығын дамытудың ұлттық стратегиясының негізін құрайды деген сенімде.

«1000 отбасылық ферманың» негізгі ұстанымы -  100 бас ірі қарадан 90 бұзау алу.

«Олжа Агро» ЖШС өгізшелерді бордақылау алаңдарына асыл тұқымды репродуктор ретінде, сондай-ақ қашарлардың бір бөлігін қарыздарды өтеу есебінен бермек. Қалған мал табынды жаңарту үшін фермерге қалады. Бұдан өзге, фермердің ай сайынғы жалақысы 7 жыл ішінде, міндеттемелерді толық өтегенге дейін, 350 мың теңгені құрайтын болады.