• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Шілде, 2021

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

277 рет
көрсетілді

ҚР Үкіметінің қаулысымен Аманияз Қасымұлы Ержанов Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аманияз Ержанов 1960 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, БЛКЖО жоғары комсомол мектебін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы бас инженер-гидротехник қызметінен бастаған. 2018-2019 жылдары — ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі. 2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі таңға дейін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметін атқарды.