• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Шілде, 2021

СҚО-да мас жүргізуші жол апатына ұшырады

195 рет
көрсетілді

Мас күйінде көлік ұрлап, жол апатына ұшыраған Жамбыл ауданың 41-жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жамбыл ауданының полициясына ГАЗельдің аудандық электр станциясының қоршауына соғылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары көлікті 41 жастағы жергілікті тұрғынның жүргізгенін анықтады. Медициналық куәландыру оның мас күйде болғанын көрсетті. Оның бұрын автокөлікті басқару құқығынан айырылғаны да анықталды. Сонымен қатар көлік жұмыс берушінің атына тиесілі екені белгілі болды», деп жазды Polisia.kz.

Аталған фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы: автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін, басқару құқығынан айырылғаны үшін және автокөлікті заңсыз иемденгені бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта айыпталушы қамауға алынған.

Автокөлік тәркіленіп, тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін иесіне қайтарылады.