• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Саясат 02 Шілде, 2021

Гендерлік теңдіктің салиқалы саясаты. Мемлекет басшысы әйелдерді қолдау жалғасатынын мәлімдеді

451 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев «БҰҰ – әйелдер» құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған «Ұрпақ теңдігі» жаһандық форумының қатысушыларына бейнеүндеу жасады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Виртуалды форматта өт­кен жиын гендерлік теңдік сала­сындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған. Форумның негізгі мақсаты – осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негіз­делген көпжақты механизм қа­лыптастыру.Мемлекет басшысы өз сө­зінде Қазақстан Тәуелсіздік ал­ғаннан бастап 30 жыл бойы әйел­дерді қолдауға бағытталған са­лиқалы саясатты дәйекті түрде жүргізіп келе жатқанын атап өтті. – 2030 жылға дейінгі отба­сы және гендерлік саясат тұжы­рым­дамасын басты негізге алған берік құқықтық база қалып­тастырдық. Өткен айда адам құқығына қатысты алдағы уа­қытта атқарылатын шаралар ту­ра­лы Жарлыққа қол қойдым. Оның негізгі бағыттарының бірі – ген­­дерлік теңдікті қамтамасыз ету. Гендерлік мәселені шешу – өңір­­лік өлшем бойынша елі­міздің сыртқы саясаттағы ба­сым­­дық­­тарының бірі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Сонымен қатар Президент Қазақстанның «Гендерлік зор­лық-зомбылыққа қарсы іс-қи­мыл коалициясы» және «Эконо­микалық әділдік пен құқық жөніндегі іс-қимыл коалициясы» сияқты екі серіктес бірлестікке қосылатынын мәлімдеді. Бұл мемлекеттің бірқатар міндеттеме қабылдағанын білдіреді.Атап айтқанда, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың таралуы туралы жалпыұлттық зерттеу жұмысын қолға алу жөнінде шешімін айтты.Мемлекет басшысы ген­дер­лік теңдік және зорлық-зомбылықтың алдын алу бо­йынша озық тәжірибемен бөлісу үшін Орталық Азияда өңірлік білім платформасын құру туралы бастама көтерді.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мен Еуропалық Одақтың Орта­лық Азия мен Ауғанстанға ар­нал­ған «Жарық сәулесі» өңірлік бастамасына инвестиция салуға дайын екенін атап өтті.Бұдан бөлек, Президент әйел кә­сіпкерлерді қолдау үшін елі­міздің барлық өңірінде ресурс­тық орталықтар құру жоспары туралы мәлімет берді.Мемлекет басшысы заң­на­малық деңгейде қабылданып жатқан шаралар туралы айта келіп, әйелдер үшін тыйым са­лын­ған мамандықтар тізімін қай­та қарауға, сондай-ақ әйелдер мен балаларды әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қолдауды күшейтуге ниетті екенін жет­кіз­ді.Қасым-Жомарт Тоқаев сөзі­нің соңында әйелдердің тең­дігі мен қауіпсіздігін қорғау­ға, олардың құқықтары мен мүм­кін­­діктерін кеңейтуге бағыт­талған игі істі еліміздің толық қол­­дайтынын нақтылады.