• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Саясат 02 Шілде, 2021

ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты

135 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров кеше Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің бейне-конференция байланысы түріндегі отырысына қатысты, деп хабарлады осы Палатаның баспасөз қызметі.

Отырыс барысында Ұжым­дық қауіпсіздік кеңесінің жел­тоқсан сессиясының қоры­тын­дылары, ұйымның жауап­кер­лік аймағындағы жағдай жә­не халықаралық шарттарды ра­тификациялау барысы талқы­ланды.Депутаттар сондай-ақ ҰҚШҰ жауапкершілік айма­ғында экстремизм мен терро­ризм­нің таралу қаупіне қар­сы іс-қимыл мәселелерін, сон­дай-ақ ұйымға қатысушы ел­дер­де осы жылы өткен пар­ла­­мент­тік және президенттік сайлау­ға ҰҚШҰ Парламенттік Ас­сам­блеясынан барған халық­ара­лық байқаушылардың жұмыс нәти­желерін қарады.