• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Саясат 02 Шілде, 2021

Жаңа кодекс күшіне енді

409 рет
көрсетілді

1 шілдеде елімізде жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді. 

Осыған орай Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Faсebook-тегі парақшасында: «Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енді. Кодекс мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың парадигмасын түбегейлі өзгертеді. Азаматтардың құқығы мен бизнесті қорғаудың жаңа механизмдері енгізіледі. Әкімшілік органдардың үстінен жазылатын талап-арыздар енді «әкімшілік органдардың кінәлі-кінәлі еместігін айқындау» қағидаты негізінде қарастырылады. Бұл ретте, арыз беруші емес, әкімшілік орган өз шешімінің дұрыстығын сот алдында дәлелдеуге тиіс. Сырғытпа жауаптар мен әуре-сарсаңға салу әрекеттері үшін әкімшілік органдар ғана емес, шешім қабылдаған тұлғалар да жауап беретін болады. Бұл құжат «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды құралына айналады», деп жазды.