Елдегі білім беру мекемелері жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастауға дайындалады. Бұл жөнінде ведомствоаралық комиссия отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жаңа оқу жылында дәстүрлі форматта оқуға дайындалу мақсатында ВАК төрағасы өңірлердің әкімдіктеріне білім беру мекемелерін алдын ала дайындап, барлық санитариялық талаптарға сәйкестігін тексеруге тапсырма берді», делінген COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК хабарламасында.