Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Азияда өтетін ірі әлемдік турнирлерді кейінге шегеру туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Қытай мен Жапониядағы турнир US Open додасы аяқталған соң, қыркүйек айында өтуі тиіс болатын. Олардың қатарында Ухань және Бейжіңде өтеді деп шешілген.
Аталған турнирлер коронавирусқа байланысты кейінге қалды.
Әзірге, қазан-қараша айларына жоспарланған WTA қорытынды жарысы туралы нақты мәлімет жоқ.