ШҚО-да 32 жастағы сотталған 7 ұялы телефонды ауыр жүк көлігінің бортында құмға жасырып өтуге тырысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
ОВ 156/3 колониясының қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттарды кіргізу деректерінің алдын алды.
- Мекеменің өндірістік аймағына құм әкелген «Камазды» тексеру кезінде скотчпен оралған екі түйіншек табылып, тәркіленді. Оның ішінде жеті ұялы телефон мен 5 сим карта анықталды. Түйіншектерді құмға асыра ойластырылған айламен жасырған, - деп түсіндірді мекеме бастығы әділет полковнигі Тілеуберген Көнекбаев.Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБК 481-бабы 1-бөлігі сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін құжаттар жиналуда.