• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Шілде, 2021

Павлодарда велосипедтегі баланы көлік қағып кетті

174 рет
көрсетілді

Жол апаты салдарынан 2009 жылы туған бала зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

- 2 шілде күні сағат 11.30-да Ворушин – Гагарин көшелерінің қиылысында 35 жастағы жүргізуші басқарған «ГАЗ 33021» автокөлігі мен велосипедші соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылып, тексеру жүргізілуде.