• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 03 Шілде, 2021

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының портреті жасалды

784 рет
көрсетілді

Елорда күні қарсаңында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының портретін жасады. Жұмыс 2021 жылы жүргізілген бірқатар әлеуметтік зерттеуге негізделген, деп жазады Egemen.kz. 

Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесінде, Нұр-Сұлтан халқының 81%-і қайырымдылық жасуады қолдайтыны және мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге әрдайым әзір екені анықталды. Бұл еліміздегі ең жоғарғы көрсеткіш.

Сонымен қатар, елордалықтардың басым бөлігі елдегі инклюзивті білім беру жағдайына көңілі толатынын айтқан. Нақтырақ айтсақ, тұрғындардың 57%-і қазақстандық білім беру жүйесін ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолайлы деп санайды.

Жастар ортасын зерттеу барысында елордалық жастардың басты таңдауы волонтерлік (55%) және салауатты өмір салты (30%) екені белгілі болды. Осы орайда, Нұр-Сұлтан жастарының 56%-і спортпен тұрақты түрде шұғылданатынын айта кеткен жөн.

Нұр-Сұлтан тұрғындары шығармашылық дамуға да ерекше көңіл бөледі. Мәселен, сурет салу (14%), музыкалық аспаптарда ойнау (10%) және сәндік-қолданбалы өнермен (10%) айналысатындар көп.

Елордалықтардың 91%-і  өмірдің ең маңызды құндылығы отбасы деп санайды. 41%-і патриотизмді еліне деген сүйіспеншілік, құрмет және мақтаныш сезімі есептесе, жастардың 32%-і әскерде қызмет етуге, Отанын қорғауға дайын екенін жеткізген.

Ал 79%-і болашаққа «бәрі жақсы болады» деген үміт сезімімен қарайды.