• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Шілде, 2021

Алматыда мейрамхана-қонақ үй қызметкелері мен кондитерлер даярлайтын орталық ашылды

383 рет
көрсетілді

Алматыда Қазақстан-Швейцария туризм және қонақ үй бизнесі институтында Швейцария бағдарламасы бойынша туризм қызметкерлерін даярлау басталды. Студенттерді қабылдау 2021 жылдың қыркүйегінде басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала тұрғындарын оқыту және жұмысқа орналастыру үшін кондитерлер мен наубайшыларды оқыту орталығы да іске қосылды.

Оқу мейрамхана-қонақ үй кешенінің базасында Швейцария бағдарламасының студенттері ғана емес, сонымен қатар Алматы технологиялық университеті мен колледжінің мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі бағдарламасы бойынша барлық оқушылар тәжірибеден өтеді.

Жоба туризм саласындағы болашақ мамандар үшін жаңа жаттығу базасына болады. Мұнда «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Жұмыспен қамту орталығы мен колледждер жасасқан «жаңа жұмыс орындарын құру және жаңа мамандықтарға қайта даярлау» келісімі шеңберінде даярлау мен біліктілікті арттыру орталығының студенттері білім алады.

Қазақстан-Швейцария туризм және қонақ үй бизнесі институтының директоры Ғалия Өтебекованың айтуынша, студенттерді қабылдау 2021 жылдың қыркүйегінде басталады. Кешенде білім беру мейрамханасында 10 нөмірлі шағын қонақ үй қарастырылған. Инвестиция көлемі 750 млн. теңгені құрайтын 10 жұмыс орны ашылды.

Оқу мейрамхана-қонақ үй кешенінің мақсаты – туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесін басқару саласында заманауи білім мен практикалық дағдыға ие, қазақстандық және шетелдік нарықта бәсекеге қабілетті кәсіби кадрларды сапалы даярлау.

Жаңа оқу орталығы  30 орындық, әрі қарай 100 орынға дейін кеңейтіледі. Мұнда аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан қала тұрғындары, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар білім алады. Сабақтар мастер-класс форматында өткізіледі.

Аспаздық саласындағы сұранысқа ие мамандықтарға оқыту үшін Түркиядан кәсіби шеф-кондитер Четин Чалышкан шақырылды. Оқу орталығының түлектері жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады. Жоба әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту аясында жүзеге асырылды.