• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Саясат 06 Шілде, 2021

Парламенттік Ассамблеяның сессиясына қатысты

190 рет
көрсетілді

Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­мақтастық ұйымы Парла­менттік Ассамблеясының жыл сайынғы онлайн түрде өтетін сессиясы аясында Демократия, адам құқықтары жә­не гуманитарлық мәселелер жө­нін­дегі жалпы комитеттің отырысы болды.

Онда сенатор Қайрат Қожамжаров Қазақстан Президентінің адам құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға бағытталған бастамасымен қолға алынған реформалармен әріптестерін таныстырды. Ол атап айтқанда «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасына егжей-тегжейлі тоқталды.«Құжатта адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесіне, сайлау тәртібіне және оның қызметінің принциптеріне ерекше мән берілді. Азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөнінде Уәкілдің өкілеттіктері айтарлықтай кеңейтілуде, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы ақпаратты зерттеу және талдау функциясы енгізілуде», деді Қайрат Қожамжаров.Сенатор Ғұмар Дүйсембаев келесі күні Экономикалық мәселелер, ғылым, технологиялар және қоршаған орта жөніндегі жалпы комитет отырысының жұмысына қатысты.Депутат өз сөзінде қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және «жасыл эконо­ми­каға» көшу қажеттігі мәселелерін қозға­ды және Қазақстанның осы бағытта қабыл­дап жатқан шаралары туралы айтып берді.«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «жасыл» экономика реформасын жүзеге асырып келеді. Елімізде жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. Бұл реформалардың бәрі экологиялық өзекті проблемаларды шешуге және қазақстандық заңнаманы ЭЫДҰ елдерінің талаптарымен үйлестіруге бағытталған», деді Ғұмар Дүйсембаев.Ол сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне есеп беретін Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру жөніндегі Қазақстанның бастамасына қатысушылардың назарын аударды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.