• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Саясат 06 Шілде, 2021

Архив ісіне арналды

277 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалық етуімен қалыптасқан санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтай отырып, «Архив ісінің өзекті мәселелері және даму жоспарлары» тақырыбында республикалық кеңес өткізілді.

Кеңесте отандық архив сала­сы­ның қазіргі жай-күйі, архив ісі және құжаттама саласында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, архив ісінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану, мемлекеттік архивтердің материалдық-тех­ни­калық жабдықталуы, «Архив – 2025» кешенді жоспарының іске асы­рылуы, Саяси қуғын-сүр­гін құр­бан­дарын толық ақтау жө­нін­­дегі мем­лекеттік комиссия­ның архивтермен жұмыс жүргізу­дің жай-күйі және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Архив ісінің өзекті мәселелері мен даму жоспарлары туралы Мәде­ниет және спорт министрі А.Ра­йым­құлова, Парламент Мәжілі­сінің депутаты А.Сарым, қоғам қай­рат­кері С.Қасымов, Архив істері және құжаттаманы басқару коми­те­тінің төрағасы Қ.Бораш сөз сөйледі.

Бүгінгі таңда архив саласына Мемлекет басшысы, Үкімет және министрлік тарапынан айрық­ша көңіл бөлінуде. Қазақстан Рес­публикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес архив сала­­сындағы мемлекеттік саясатты үйлестіруге уәкілетті ведомс­тво ретінде Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару коми­теті құрылды. Сондай-ақ Үкі­мет қаулысымен 22 желтоқсан «Архи­вистер күні» болып белгіленді. Сала тарихында алғаш рет «Архив саласының үздігі» төсбелгісі тағай­ындалды. Мемлекет басшы­сының тапсырмасы бойынша 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап рес­публикалық Мәдениет және ар­хивтер ұйымдарының қызмет­керлеріне 50% көлемінде, ал ком­муналдық (өңірлік) ұйымдардың қызметкерлеріне лауазымдық жала­қысының 35% мөлшерінде қосымша ақы белгілеу арқылы жалақы көлемі арттырылды. Ар­хивистердің жалақысын көтеруге байланысты жұмыстар одан әрі жалғасып жатыр. Таяуда өт­кен Қазақстан Республикасы Қауіп­сіздік Кеңесі отырысының қоры­тындысы бойынша архив қызмет­керлерінің зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) еңбегі үшін қосымша ақы төлеуді қарастыру мақсатында Еңбек кодексіне сәйкес тиісті тізбеге мем­­лекеттік архив меке­ме­лері қыз­мет­керлерінің лауазым­дарын енгізу бойынша нақты ше­шімдер қабыл­дануда.

Кеңес аясында құжаттық көрме ұйымдастырылып, алғаш рет архив ісіне үлес қосқан сала ардагерлері «Архив саласының үздігі» төсбел­гісімен марапатталды.