• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Бизнес 07 Шілде, 2021

Astana Hub цифрлық технопаркінің тұсаукесері өтеді

300 рет
көрсетілді

8 шілде күні Astana Hub технопарктің цифрлық нұсқасын таныстырады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Цифрлы технопарк пайдаланушылардың жұмысын біршама жеңілдетеді деп күтіліп отыр. Онда бағдарламаларға қатысуға өтінімдер қабылдау, салықтық және визалық преференциялар алатын технопарк резиденттері үшін онлайн есептілікті толтыру сынды барлық жұмыс автоматтандырылған.

Технопарктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, цифрлық нұсқасында стартаптарға грант беру қызметі де іске қосылады.

Тұсаукесер рәсімінде Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев пен технопарк қызметкерлері тікелей эфирде astanahub.com электронды платформасында қандай қызметтерді алуға болатыны туралы айтып береді.

Ашылу салтанаты  2021 жылғы 8 шілде, сағат 10:30-да zoom платформасында өтеді. Тіркелу үшін https://forms.amocrm.ru/mltwxl.

Бүгінгі таңда  502-ден астам IT-компания Astana Hub-тан салық преференцияларын алады. Екі жыл ішінде  технопарк қатысушылары 7,7 миллиард теңге үнемдеді.