• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Шілде, 2021

Полицейлерді бопсалаған блогер қамауға алынды

533 рет
көрсетілді

Алматыда өзін блогер ретінде таныстырған ер адам полицейлерді бопсалап, олардан ақша талап еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақшалай сыйақы үшін 34 жастағы ер адам желідегі патрульдік қызметкерлер туралы арандатушылық бейнені жарияламау үшін 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейін талап еткен.

Ер адам 300 доллар көлеміндегі ақшаны қолына алып жатқан кезде ұсталған.

«Бұл жедел әрі арнайы іс-шаралар жүргізілгеннен кейін расталды. Күдіктіні қаланың Әуезов ауданында 300 доллар талап етілген кезде ұстадық. Заттай дәлелдемелер алынып, ҚР ҚК 194-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс материалдарына тіркелді», деп хабарлады Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Қаскүнем уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау фактісі бойынша ашылған іспен тергеу басқармасы айналысады.