• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Шілде, 2021

Біртанов бюджет қаржысын жымқырмаған болып шықты

5339 рет
көрсетілді

Құқық қорғау органдары бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша бапты қайта саралады. Бұл туралы адвокат Дмитрий Куряченко БАҚ өкілдеріне мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тергеу аяқталды. Соңғы 5 күн қалғанда, күдік «ұрлықтан» «өкілеттігін асыра пайдалануға» ауыстырылды. Тергеу 2020 жылғы мамырда, 14 ай бұрын басталды. Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы ұрлық жасады деген күдікке ілінді, нәтижесінде олай болмай шықты. Мұны Қаржы мониторингі агенттігі мойындады», деді Біртановтың қорғаушысы.

Оның айтуынша, Елжан Біртанов кінәсін мойындамайды.

Сонымен қатар адвокат 2020 жылдың қарашасынан бастап Біртановты үйқамаққа алу заңсыз болғанын, «тергеу бұзылып, іс объективті жүргізілмегенін» айтты.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевке қатысты соталды тергеу аяқталғанын хабарлаған болатын.