• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Шілде, 2021

Дәрігерлер Алматы тауларынан табылған қыздың жағдайы туралы айтты

214 рет
көрсетілді

Дәрігерлер Алматы тауларынан табылған қыздың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметі бойынша, құтқарушылар тапқан Әлия Камиев №7 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген.

«Реанимация залында дәрігерлердің мультидисциплинарлық бригадасы қызды шұғыл қарап, барлық қажетті зертханалық-диагностикалық, аспаптық тексеру әдістері жүргізілді. Ауруханаға түскен кездегі қыздың жағдайы ауыр болды», деді басқарма өкілі.

Қазір қыз одан әрі емдеу және бақылау үшін жансақтау, анестезиология және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған.

Айта кетейік, Әлия Камиева 5 шілдеде таңертең БАО ауданына телефонсыз шығып, жоғалып кеткен болатын. Іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылар мен 75 ерікті жіберілді. Жоғалған адам 8 шілдеде 10.56-да табылды.