• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 09 Шілде, 2021

Көп жағдайда заңды лауазымды тұлғалар бұзады – Әсет Исекешев

214 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2021 жылдың 1-жартыжылдықтағы қорытындысы бойынша алқа отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент көмекшісінің айтуынша, кәсіпкерлер қатаң әкімшілік қысымға түскені туралы жиі шағымданып, арыз жазады.

«Бұл жерде кәсіпкерлер мен заңбұзушылар арасында баланс болу керек. Ел басшылығы бизнесті қолдауды тапсырып отыр. Президент рейдерлікке жауапкершілікті күшейту туралы заңға қол қойды. Көп жағдайда оны лауазымды тұлғалар бұзады. Осыған көңіл аудару керек», деді Президент көмекшісі.

Әсет Исекешев антикордың жеке құрымы жемқорлықтан таза болуы керек екенін айтты. Оның пікірінше, жақында Атырау облысында жедел қызметкерінің аса ірі көлемде парамен ұсталуы осыған дәлел бола алады.

«Осы бағыттағы жұмысты күшейту керек. Мұндай деректер қоғамда негатив пікірді көбейтеді. Сондықтан жеке құраммен жұмысты күшейту керек», деді ол.