Қазақстанның үш өңірінде вакцинация паспорттарын қолдан жасаумен айналысқан медицина қызметкерлерді ұстады. Бұл туралы қызмет басшысы Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Кеше ғана еліміздің үш өңірінде жалған паспорттарды сатумен айналысатын медицина қызметкерлері ұсталды. Іс жүзінде вакцина алмаған адамдарға қолдан жасалған паспорттарды сатып, вакцинаның өзін жойып отырған. Көріп отырғандарыңыздай, халықтың денсаулығы ақша табудың әдісіне айналды, ал бюджеттен бөлінетін ақша желге кетеді», деп мәлімдеді Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында.
Агенттіктің баспасөз қызметі атап өткендей, заңсыз іспен айналысқан медицина қызметкерлерін Астана, Ақмола және Алматы облыстарында ұстаған.
«Осы жалған вакцинация паспорттарын алған адамдар бізбен бірге үйде бола алады, бізбен бірге көлікпен жүре алады. Бұл тек сыбайлас жемқорлық фактісі ғана емес, сонымен бірге халықтың қауіпсіздігіне де қауіп төндіру», деді Ахметжанов.
Ол бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.
Бұған дейін ІІМ-де хабарланғандай, алғашқы жарты жыл ішінде ішкі істер органдарының өндірісінде вакцинация паспорттарын қолдан жасау бойынша Алматы және Ақмола облыстарында төрт қылмыстық іс қозғалған. Олар бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.