• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Шілде, 2021

Молдовада парламенттік сайлауға дайындық аяқталды

168 рет
көрсетілді

Молдовада жексенбіге жоспарланған кезектен тыс парламенттік сайлауға дайындық аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл сайлау тәуелсіз Молдова тарихындағы 11-ші сайлау болады. Азаматтар 101 депутатты сайлауы керек.

Бұған дейінгі парламент сайлауы Молдовада 2019 жылдың ақпанында өткен. 

Осы жылдың сәуір айында президент Майа Санду парламентті таратып, жаңа сайлауды 11 шілдеге белгіледі.

Сайлау науқанына 20 партия қатысуда.

Игорь Додон бастаған социалистер және президентті қолдайтын «Әрекет пен ынтымақтастық» партиясының сайлауда бәсі басым.

Сайлау учаскелерінде дауыс беру санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтай отырып өткізіледі.