Үкіметтің кеңейтілген отырысында қазақтың тау тұлғаларының өмірі мен өнерін насихаттау мақсатында бірқатар телесериал түсірілетіні мәлім болды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады.
«Атап айтар бослақ, жақын арада Жәңгір хан, Домалақ ана, Жамбыл Жабаев, Мұқағали Мақатаев, Қаныш Сәтбаев, Сәкен Сейфуллин мен Шәкен Айманов туралы телесериалдар көрерменге жол тартпақ.
Одан бөлек «Ұлық ұлыс» киножобасының түсірілімі қолға алынған. Жұмыс тобы жасақталып, сценарий жазылып басталған», деді ол.
Ералы Тоғжанов бұл жобаны да жақын күндері тамашалай алатынымызды жеткізді.