Түркістан облысында Қазақстан аумағына заңсыз кірген шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сарыағашта полиция қызметкерлері Жібек жолы ауылында орналасқан айналма тасжол арқылы ҚР аумағына заңсыз кіріп кеткен Өзбекстанның 2 азаматын ұстады.
Тәртіп сақшылары аталған құқықбұзушылықты ҚР ҚК 392-бабы («Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту») бойынша тіркеді.
Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-профилактикалық шараларының нәтижесінде аталған азаматтар Алматы қаласына жұмыс жасау мақсатымен келгені белгілі болды. Олар Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.