• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Шілде, 2021

Ақтөбеде коронавирус жұқтырғандар саны артты

139 рет
көрсетілді

Коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты Ақтөбеде жаңа стационар ашылады. Қазір кереует санын көбейту қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында бір тәулікте 55 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Көбі Ақтөбе қаласынан. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаевтың айтуынша, 7-11 шілде аралығында 510 адам ауырып, ем іздеді.

«Эпидахуал күрдегі деп айтсақ болады. Өсім бар. Сондықтан иммундау шарасына белсенді қатысуға шақырамыз. Әрі маска тағу, антисектик қолдану және арақашықтықты сақтауды ұмытпау керек», деді Мұхтар Сербаев.

Ақтөбе облысындағы инфекциялық стационарларда қазір 244 адам ем алып жатыр. Оның 24-і жансақтау бөлімінде болса, біреу өкпені желдету аппаратына қосылды.

«Инфекциялық кереует жүктемесі 56, жансақтау бөліміндегі жүктеме 40,5 пайызды құрап отыр. Жаплы облыстағы аудандарда өсім байқалмайды. Дегенмен Ақтөбе қаласында вирус жұқтырғандар саны артты. Жүктеме артқан соң қосымша инфекциялық стационар ашуды қарастырып жатырмыз. Тұрғындардың иммунитетін қалыптастыру үшін қазір қосымша вакцина пункттері ашылды. Олар ірі базарлар мен сауда үйлері, гипермаркеттерде орналасқан», деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.