• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Шілде, 2021

Алматы облысында инкассатор көлігі аударылып кетті

480 рет
көрсетілді

Алматы облысында инкассаторлық автокөлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облыстық полиция департаменті 12 шілдеде сағат 16:50 шамасында Алматы-Талғар автожолының 13 шақырымында «ГАЗ-2705» маркалы инкассаторлық көліктің 35 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай қалғанын түсіндірді.

«Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде автокөлік механикалық зақым алды. Жүргізуші мен жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 35 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды», деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.