• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Оқиға 13 Шілде, 2021

Қызылордада бала күтуші үй иесін тонап кеткен

313 рет
көрсетілді

Қызылордада бала күтуші құны үш миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды ұрлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылордада үй иесінің зергерлік бұйымдарын ұрлаған бала күтуші ұсталды.

10 шілде күні Қызылордада жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, қымбат зергерлік бұйымдарының ұрланғанын айтқан. Жатын бөлмедегі шкафтың ішінен құны үш миллионнан асатын қымбат зергерлік бұйымдар ұрланған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұрлық жасаған бала күтуші анықталып, ұсталды.

Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.