Қытайдың Цзянсу провинциясы Сучжоу қаласындағы қонақ үй ғимаратының құлауынан қаза тапқандар саны сегіз адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Тағы тоғыз адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады қала үкіметі.
«Сыцзи Кайюань» қонақ үйі дүйсенбі күні түстен кейін құлаған, себебі әлі белгісіз.
Ғимарат құлағаннан кейін 23 адам үйінді астында қалған. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.