Орталық Азиядан шыққан жұмысшылар Мәскеудің оңтүстік-шығысында жаппай төбелес шығарды, ұсталғандар бар, деп хабарлайды Egemen.kz Интерфаксқа сілтеме жасап.
«Кузьминкиде Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген еңбек мигранттары арасындағы жекпе-жек масштабты сипатқа ие болды. Жанжалға жүзге жуық адам қатысты», делінген дереккөзде.
Төбелесті полиция тоқтатқан. Жаппай төбелестің 20-ға жуық қатысушысы ұсталды.
Төбелеске қатысқан бірнеше азамат медициналық көмекке жүгініп, үш зардап шегуші ауруханаға жіберілген.