• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Шілде, 2021

Бір жыл бұрын жоғалып кеткен Өзбекстан азаматшасы Алматыдан табылды

186 рет
көрсетілді

Із-түзсіз жоғалып кеткен Өзбекстан азаматшасы Алматыда аман-есен табылды, деп хабарлады  Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін БАҚ-та 39 жастағы Өзбекстан азаматшасы Қазақстанда жоғалып кеткені, туыстары бір жылдан бері байланысқа шыға алмай жүргендігі туралы ақпарат тараған болатын.

«Бұл мәселе бойынша СІМ арқылы ешқандай ресми мәлімдеме болған жоқ. Соған қарамастан жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде әйел табылды.

Әйелдің «Тастақ» шағын ауданындағы кафелердің бірінде жұмыс істейтіндігі, бірақ қаланың Медеу ауданында тұратындығы анықталды. Ол өзінің туыстарымен жеке мәселелер бойынша және тұрақты табыстың жоқтығын ескере отырып байланыспағанын түсіндірді. Сондай-ақ әйел әзірге үйге бармайтынын айтты», деп хабарлады Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.