• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Шілде, 2021

Сот Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін тағы да ұзартты

481 рет
көрсетілді

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 14 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Алмат Бабатов Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін қылмыстық істің материалымен танысу кезеңінде 2021 жылдың 14 қыркүйегіне дейін ұзарту туралы ұсынымды мақұлдау туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ судья тараптар сот қаулысына 3 тәулік ішінде қарсы шағым берруге құқылы екенін айтты.

Еске сала кетейік, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған болатын.