• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Шілде, 2021

Атырауда ауласына марихуана өсірген екі тұрғын ұсталды

463 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тыйым салынған марихуана есірткілік өсімдігін өсірген екі азаматты ұстады.

«Күдіктілердің бірінің ауласында 21, екішісінен 4 дана «сора» өсімдігі табылып, тәркіленді. Қазір құрамында есірткі бар өсімдіктерді сақтау және заңсыз өсіру дерегімен 1970 және 1978 жылы туған екі азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», дейді  Қамза Үмбетқалиев.