• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Шілде, 2021

Атырау облысында көші-қон заңнамасы 1381 рет бұзылған

419 рет
көрсетілді

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5-12 шілде аралығында «Заңсыз мигрант – 2021» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Іс-шара қорытындысы бойынша көші-қон саласындағы заңнаманы бұзудың 1 381 дерегі анықталды.

«Оның ішінде ҚР Халықтың көші-қоны туралы заңын бұзған 1 063 шетелдікке әкімшілік шара қолданылды. Ал, 22 шетелдік көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін сот шешімімен елден шығарылды. Бұған қоса, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған 318 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Атырау облысының құрылыс алаңдарында жеке басын куәландыратын құжатсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 188 азаматы анықталған.