Рим Папасы Франциск Агостино Гемелли ауруханасынан ішек ауруы бойынша жоспарланған операциядан кейін шығарылды. Бұл туралы Ватиканның баспасөз қызметінің директоры Маттео Бруни мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оның айтуынша, Рим Папасы ауруханадан шыққаннан кейін Римдегі Санта-Мария Маггиор соборына барып, операцияның сәтті аяқталғанына дұға еткен, содан кейін Ватиканға оралған.
Рим Папасы Франциск 4 шілдеде ауруханаға жатқызылған болатын. Оған ішектің дивертикулярлық ауруының симптоматикалық түріне байланысты жоспарлы операция жасалды.